Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметтік жалғандық жасалды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады» – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол іс жүзінде өтпеген жер комиссиясының хаттамасынан жалған үзінді көшірмелерді беру жолымен, жерді сату бойынша сауда-саттықтар яғни конкурстар, аукциондарды өткізбей немесе жалға алу құқығынсыз учаскелерді беріп келген. Одан өзге жалпы сомасы 62 млн теңгеге 22 жеке және заңды тұлғаға жер учаскелерін таратты деп айып тағылып отыр.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәлік дәрежесін анықтаумен түакілікті шешімді сот шығарады» – деп қосты ведомстводан.
Пікір қалдыру