Алматыны жаңартуға қанша қаржы жұмсалады?

/image/2019/10/15/crop-125_14_308x547_5faf1cc1517bc2b6517f2fe09b33e334_crop_l_-1_t_40_w_798_h_449.jpg
2019-2021 жылдар аралығында Алматыны абаттандыруға 98,7 млрд теңге жұмсалады, деп жазады LS сайты.
 
Қаланың үш жылдық бюджетінен абаттандыру мен елдімекендерді көгалдандыруға 2019 жылы 34,2 млрд теңге, 2020 жылы 33,5 млрд теңге, 2021 жылы 21 млрд теңге қарастырылған.
 
Бұдан бөлек көшелерді жарықтандыруға 4 млрд теңге бөлінген. Оның 1,2 млрд теңгесі 2019 жылы, 1,3 млрд теңгесі 2020 жылы, 1,4 млрд теңгесі 2021 жылы жұмсалмақ.

Қаланың өндірістік, сәулет және құрылыс саласына 5,7 млрд теңге бағытталмақ. 2019 жылы – 2,6 млрд теңге, 2020 жылы – 1,5 млрд теңге, 2021 жылы – 1,6 млрд теңге жұмсалады.

Сәулет өнері мен қалақұрылысы саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытына 1,7 млрд теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлкін жобалауға және құрылысына 3 жылда 13,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл саладаға тек 2019 жылы бөлінген қаржы 12 млрд теңгеге тең. 2019 жылы тұрғын үй сатып алуға 9,1 млрд теңге бөлінген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар