ШҚО Бесқарағай ауданындағы «Балке», «Бекарыс», «Қалиқанұлы» шаруақожалықтарының базасындағы тауарлы сүт фермалары қайта жарақтандырылды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті.
Брифинг барысында аудан басшысы Қарабас, Ерназар және Кіші Владимировка ауылдық округтерінде қосымша 3 сүт қабылдау пункті бой көтергенін атап өтті.
– Аталған жобаларды іске асыру сүт өндірісі мен ірі қара малдың санын көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, ауылшаруашылық саласына озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, – деді Дәулет Батырбаев.
Алдағы уақытта Жетіжар ауылдық округінде 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы салынады. Онда жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы да жүргізілуде. Аталмыш 2021 жылы толық қуатына енгізіледі.
Пікір қалдыру