ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады

/image/2019/10/15/99a56bea-0a71-4262-b907-f1265029afa2.jpg

«Цифрлы Шығыс – 2019» форумының аясында өңір мектептерінде білім алып жатқан оқушылар StartUp жобаларды қорғады. Форум ШҚО әкімдігінің инвестициялық орталығында өтті. Оған қатысушылар 15 үздік жобаны ұсынды.

п

Қазылар алқасының құрамында облыс әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО мен өңірдегі ІТ-компаниялардың мамандары болды.

– Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мұнда IT-технология саласын жетік білетін балалар жиналды, – деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марина Гагарина. – Өткен жылы StartUp-жобалар байқауына 10 мектептің оқушылары қатысты. Ал биыл олардың қатары екі есеге артты. Бұл – қуантарлық көрсеткіш. Балалардың ұсынып отырған жобалары жан-жақты қамтылған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты жобалар да бар. Мысалы, теңге алу, «Ақылды мектеп», сондай-ақ тасқынның алдын алу сынды қызықты жобаларды ұсынып, оны іске асыруды жоспарлап отыр.

Байқаудың қорытындысы «Цифрлы Шығыс – 2019» IT-форумында жарияланатын болады.

п

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар