ШҚО Бесқарағай ауданында 105 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді

/image/2019/10/15/crop-43_173_488x867_screen-shot-2019-06-22-at-10-35-16.png

Ағымдағы жылы Бесқарағай ауданында 384 жасқа жұмысқа орналасуға, сондай-ақ білім алуға көмек көрсетілді. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті.

Биыл Бесқарағай ауданында 105 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 3 адам жастар практикасына жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адам, қоғамдық жұмысқа 141 адам тартылды. Ал 34 адам қысқа мерзімді курстарға жолдама алды. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренуге 45 адам жіберілді.

– Ағымдағы жылы ауданда колледждер мен жоғары оқу орындарының 22 түлегі жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, медициналық білімі бар 4 студент аудандық орталық ауруханаға жұмысқа орналасты, – деді Дәулет Батырбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар