Бүгін, 15 қазанда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің жоғары орденімен марапатталды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-дегі парақшасында жазды.
Үкібайдың жазуынша, Назарбаевқа аталмыш орден Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің мәжілісі кезінде табысталған.
Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президенттік лауазымнан өз еркімен кеткен. Ол бірақ өз құрған биліктегі "Нұр Отан" партиясының, Қазақстан халықтары ассамблеясының, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметтерін әлі де атқарады.
Назарбаев бұған дейін де түрлі атақтар алып, медаль, ордендермен марапатталған.
Пікір қалдыру