Біздің биліктегілер қазақққа қарсы жұмыс жасап жатқан жоқ па?

/uploads/thumbnail/20170708190048666_small.jpg

Осы біздің Үкімет бәрін керісінше істеуді әтедке айналдырып алған секілді көрінеді маған. Саясаткер Расул Жұмалы айтпақшы, ресейлік «МузТВ» кәнсертіне миллион доллар табылғанда, өзіміздің ең басты тойымыз – Қазақ хандығының 550 жылдығына теңге табылмай қалады. Дүниежүзі өткізуден қорқа-қашатын ЭКСПО көрмесіне миллиардтаған долларды аямай кеп құямыз да, қарапайым мектептердегі оқушылардың тегін асына бөлетін қаржыны қысып, Аузымызды қу шөппен сүртеміз. Проресейлік КО мен ЕЭО кіргенімізге тоқмейілсіп, масаттанамыз да, мыңдаған киіктеріміздің, төрт-түлік малдарымыздың жаппай қырылғанына көз жұма саламыз. Сол Ресей протондарының кесірінен Қазақстаннің экологиясы іріп-шіріп жатқаны. Астананың туған күнін тойлауға миллиондап ақша бөлгенде алдымызға жан салмаймыз да, халыққа пайдасы тиер бір игілікті іске білек сыбана кірісуден қашқақтаймыз-ау келіп. Иә, Расул Жұмалы айтқандай, қазақ тілінде ақпарат тарататын телеарнаны (Ел арна) жаба салу түкке тұрмайды бізге. Есесіне ресейлік РБК арнасын ашып береміз. Сондай-ақ «Білім және Мәдениет» деген көпкөрім телеарнаның басшысы етіп – мемлекеттік тілде бір ауыз сөз айта алмайтын адамды тағайындауға қымсынбаймыз. Қызық, ә?
Осыларды көргенде Абай хәкімнің үшінші қара сөзі ойға оралады екен. «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?»
Біз де ше? Науқаншыл депутаттар мен құлқыншыл басшылардың кесірінен өзіміздікін өзге жеп болды. Енді неміз қалды? Иә, осы біздің биліктелер «қазаққа» қарсы жұмыс жасап жатқан жоқ па? 
«Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!»

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар