Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлына

/uploads/thumbnail/20170708190050691_small.jpg

 Ашық хат 

Құрметті Аслан Бәкенұлы!

«Қазақия» газетінің сайтында 18.05.2015 күні «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырза Қазақстандағы орыс тілді азаматтардың  БҰҰ-ға жазған хатын жариялады. Хатта біздің биліктің орыс тілділердің қазақ тілін үйренеміз дегеніне мүмкіндік бермей келе жатқанын айтыпты. Өз баларының болашғағы қазақ тілінде екенін жазып, оларды  үкіметтің қазақ тілді мектептермен қамтамасыз ете алмай отырғанын айтыпты. (Хаттың толық мазмұнын сілтемеге кіріп оқырсыз) http://kazakia.kz/қазақстандағы-орыстілді-азаматтарды/.

Әрине хаттағы жазылғандардың ішінде келісетін де, келіспейтін де жерлері бар. Егер Отанымызды шынайы сүйген адам болса, қандай кедергіге болсын қарамастан мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін үйренер еді. Қазақ тілді мекетептермен қамтамасыз етпей отыр делініпті, бұл айтқандарымен толық келісуге болмас, себебі еліміз осындағы тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың өз тілерін ұмытпауға мүмкіндік беріп аралас мектептерді әлі күнге дейін жаппай келеді, бұл жағы оларға мемлекеттің қысымы емес қамқорлығы еді.  Ал орыс тілді болсын, өзге тілді мектептер болсын қазақ тілі пәні аптасына 3-4 сағат өтіліп келе жатыр. Бұл дегеніңіз мектеп қабырғасында өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйреніп шығуына толық мүмкіндік бар деген сөз.  Олардың осы өтініштері бойынша қазақ тілінің сағат санын көбейтіп, жаратылстық пәндерді қазақ тілінде оқытуды жолға қойса жөн болар еді. Тіпті өз қалаулары бойынша олар үшін қазақ тілді мектептерді көбейте берсек нұр үстінде нұр болар еді. Ал менің айтарым мекетеп қабырғасын бітіген күннен басталатын аңгіме.

Елімзіде жыл сайын бітіушілер ҰБТ тапсырады, ҰБТ –ға кіретін пәндерді бәріңіз толық білесіздер. 5 пәннен сынақ тапсырған бітіушілер болашақ мамандықтарын таңдап білім грантының конкурсына түсер кезде 5 пәннің бірінің нәтижесі есептен шығып қалады. Дәл осы жерде өзге емес сол мемлекеттің грантына қол созушының сол мемлекеттің мемлекеттік тілін қалай білетіні туралы бағасы алынып тасталады. Мемлекеттік грантқа мемлекеттік тілсіз қатысады. Міне осының өзі меніңше солар айтқандай, олардың мемлекеттік тілді үйреніп кетуіне кедергі жасап отырғандығымыз болар. Әлемнің қай мемлекетінде болсын өздерінің мемлекеттік тілі туралы заңы бар, сондықтан да қандайда бір мемлекеттік мәселеде мемлекеттік тілді аттап өтуге болмайды. Ал біз мемлекеттік тілді білмегендерді мемлекеттік  қызметке алып, мемлекеттік тілден 2 алған бітірушіге мемлекеттік грант береміз. Ұлттық біріңғай тестілеу деп аталған соң, қазақ, орыс мектептерінің қайсысын бітірсе де, бәрінің білім грантын алуы үшін қазақ тілінің бағасы саналуы керек. Егер сондай талап болса, жас талапкер де мектеп қабырғасында бұған дайындалар еді.

Екінші мәселе, Қазақ тобы мен орыс тобына бөлінетін гранттардың дұрыс есептеліп бөлінбеуінен үлкен айырмашылықтар тууда. Ол туралы сан айтылды да, жазылды. Гранттың дұрыс есептеліп бөлінбеуінен қазақ мектебін бітірген бала түсе алмаған мамандаққа одан 10-15 балл төмен алған орыс мектебін біртірушісі түсіп кетеді. Оны анық көретін қолдарыңызда статистика барына сенімдімін. Сондықтан жоғарыдағы орыс тілі ұлт өкілдерінің хатындағы айтылған мәселелер мен осы мәселені бірлестіре отырып, сіздерге өз ұсынысымды білдіргенді жөн көрдім.

1.Магистратура мен докторантураға үміткерлер шет тілінен тест тапсырады, бірақ бұл болашақ ғалымдардың арасында мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар өте көп, сондықтан тіл емтиханында шетел тілі мен қоса қазақ тілі міндетті түрде болуы керек. Бұл мемлекет өзгенің емес, өз ғалымдарын дайындауы керек.

2. Магитратура мен докторантура сияқты бакалаврға түсіушілерге грант бөілінген кезде грант қазақ, орыс топтары деп бөлінбей, тұтас бөлініп, бәрінің қазақ тілінен алған бағасы есептеліп, бәрі бір грантқа үміткер болуы керек. Сол кезде ешкімнің де құқы тапталмайды. Қазақ, орыс топы болып тек уинверситетте түскен соң студенттердің өтініші бойынша ғана бөлінгені дұрыс. Болмаса болашағын қазақ елімен байланыстыратын болашақ жас маман 11 жыл орыс сыныбында жүріп қазақ тілін үйреніп, білім грантын ұтып алған соң, ары қарай мемлкеттік тілде жалғасты білім алып жатса ол өз болашғы үшін тиімді таңдалған жол болар еді. Сондықтан орыс тілділердің БҰҰ-ға жазған хаттағы өтініштерін сіз осылай орындасаңыз деймін.

Мемлекеттік тілімізді үйренгісі келгендерге жол ашу мақсаты мен қазақ елінің мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін мамандарын жетілдіру үшін, жоғарыдағы айтылған екі ұсынысымды іске асыруыңызды өтінемін. Бұл ұсынысымды бір ел, бір тағдыр деген барша Қазақстан азаматы қолдайды деп үміттенемін.

Тұрдыбек Құметхан.

«Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар