Екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізуге тыйым салынбақ

/image/2019/10/17/crop-3_5_160x301_ekpe.jpg

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарға екпе салынбаған балаларды кіргізуге тыйым салынбақ. Бұл туралы мәжілісте Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында министр "Азаматтардың өз денсаулығына міндетті түрде қамқорлық жасауы, оның ішінде скринингтен міндетті өтуі және профилактикалық егулерді алуы, қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерін, оның ішінде шу мен атмосфералық ауаның әсерін реттеу, мектепке дейінгі ұйымдарға екпе егілмегенді жіберуді шектеу қарастырылады", – деді.

Министрдің айтуынша, аталған түзетулерді қабылдау нәтижесінде суицидтік әрекеттер мен темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну санының төмендеуі күтіледі.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар