Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған жері Жуалы ауданы- қай сала болмасын алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан іргелі өңірдің бірі. Осы орайда спорт саласында да ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер баршылық. Бүгінде Жуалы ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімін Максутбек Әбдіұлы Арзымбетов біліктілікпен басқарып келеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасырда тек күшті, дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады», деген жалынды сөзі жуалылықтарға да тың серпін берді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы аясында Жуалы жерінде бірқатар нақты іс-шаралар атқарылуда. Ауданда № 13 және № 12 балалар жасөспірімдер спорт мектептері және бокс мектебі жұмыс істейді. Спорт мектептердің 92 секциясы аудан бойынша 1408 жастарды қамтып, қазақша күрес, бокс, дзюдо, таеквондо, еркін күрес, баскетбол, футбол, волейбол, гір көтеру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі ойындарының түрлерімен аудан жастарын дене шынықтыруға тартып отыр.
-Бүгінде Жуалыда жас спортшылар көптеп тәрбиеленуде. Өскелең ұрпақ ауданнан шыққан саңлақтарды айрықша мақтан тұтады. Олардың қатарында бокстан Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері - Бақтияр Артаев, самбодан Әлем кубогының иегері, Азияның 2 дүркін чемпионы, КСРО халықтар спартакиядасының жеңімпазы, Қазақстанның ең таңдаулы спортшысы Сәлкен Жартыбаев, қазақша күрестен Әлем, Азияның 2 дүркін чемпионы Сейділдаев Ғани, кикбокстан Әлем чемпионы Досаев Ғани, бокстан кадеттер арасында Әлем чемпионы Абдрагимов Эльдар; бокстан ҚР Чемпионы Рахманқұл Сағадат, бокстан ҚР чемпионы, Әлем чемпионы (WSB), Азия және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (AIBA)-Әбілхан Аманқұл, көкпардан әлем чемионы Құлажан Тоғайбаев сынды саңлақтардың есімдерін ерекше атауға болады. Талай дүбірлі додаларда еліміздің көк туын көкте желбіреткен осындай азаматтардың өнегелі жолы жеткіншектерге жігер сыйлауда, -дейді Жуалы ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімін Максутбек Әбдіұлы Арзымбетов.
Расында да тынбай жаттыққан адамның биік белестерді бағындыратындығы даусыз. Осы орайда жергілікті жердегі бапкерлер де аянбай еңбек етуде.
Пікір қалдыру