ORDA тобы Máńgilik El Daýysy концертінде өнер көрсететін болды

/image/2019/10/17/crop-0_10_581x774_yec08r01dty.jpg

Қазақстандық ORDA тобының тыңдармандары топтың Máńgilik El Daýysy ұлттық жобасында өнер көрсетуін қолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы топтың инстаграмдағы парақшасында жазды.

"Құрметті жазылушылар! Соңғы жайттарға байланысты қазандағы барлық концерттен бас тартқан едік, қолдау көрсетіп, түсінікпен қарағандарыңыз үшін әрбіріңізге алғыс айтамыз.

Дегенмен, командамызбен бірге Астанада 9 қараша күні Qazaqstan Орталық концерт залында өтетін Máńgilik El Daýysy концертіне қатысамыз деген шешімге келдік. Ұйымдастырушылармен бірге шоу қойылымы мен техникалық жағынан біраз еңбек сіңірдік. Сондықтан Астанада көріскенше!", - деп жазды ORDA тобының өкілдері.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

⁩ Дорогие подписчики! В связи с последними событиями нам пришлось отменить все концерты в октябре, и мы благодарим каждого из вас за поддержку и понимание. Но, тем не менее, мы приняли решение с командой не отменять свое участие в концерте «Máńgilik El Daýysy», который пройдет в Астане 9 ноября в ЦКЗ "Казахстан". Очень многое уже было сделано нами и организаторами с точки зрения технической реализации и постановки шоу. Поэтому до скорой встречи в Астане.

Публикация от ORDA | Группа «Орда» (@ordaband)

Еске салайық, тұңғыш қазақстандық Máńgilik El Daýysy музыка шоуы 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар