Аймағамбетов: Әліппені енгізуге эксперимент керек емес!

/image/2019/10/21/crop--117_26_1499x1499_alippe.jpg

Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әліппеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрғанын мәлімдеді.

"Әліппеге қатысты мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Бұл шын мәніне өте маңызды. Биыл тамыз кеңесінде осы мәселеге жеке тоқталдық. Қазір тиісті жұмыс тобы құрылды. Біздің айтып отырғанымыз, әліппені мектепке енгізу керек және онда ешқандай эксперимент керек емес. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі бар, сол әдістемеден басқа ештеңе ойлап табу қажет емес", – деді министр.

Сондай-ақ А.Аймағамбетов талқылау барысында оқулықтарды даярлау, талдау шараларына айтылған сындарды ескеріп, мәселелерді шешу үшін оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетін айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар