"Сабақ болды": Министр халықтан кешірім сұрады

/image/2019/10/25/crop-847_116_296x395_131719531100.png

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ тіліндегі "Томирис" картинасының орыс тіліндегі нұсқасынан кешірек шыққандығы үшін кешірім сұрады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Іс жүзінде екі нұсқа дайындалды. Негізгі нұсқасы қазақ тілінде болды. Бірақ ол премьерадан бір апта өткенде шығарылды. Бұл жерде шатасушылық болды. Мұндай жағдай ешқашан болмайды деп үміттенемін. Титр мен субтитрлерде қателіктер жіберілді. Ол көрерменге көрсетілмейтін қарапайым қателіктер", – деп түсіндірді министр.

"Бұған жауапты адамдар әкімшілік жазаға тартылды. Әрине, бұл алғашқы фильм премьерасы қазақ тілінде болмады деген мәселені шешпейді. Мен бұл жағдайдан қоғамнан кешірім сұрағым келеді. Бұл біз үшін өте үлкен сабақ", – деп  пікір білдірді Райымқұлова.

Оның айтуынша, бүгінде кинотеатрлардағы фильм құны 480 миллион теңгеге жеткен.

"Томиристі" Ресейге апарып көрсетіңіз, Сатаев мырза!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар