Тоқаев: Қатаң жазаға тартылуы тиіс

/image/2019/10/28/crop-2_4_708x1245_toqaev-bro.jpg

Браконьерлер заң бойынша қатаң жазалануы тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек", – деді мемлекет басшысы. 

Еске салсақ, бүгінге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы, Шымкент және одан өзге 5 облыста ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесін тұтқындаған. Ал тергеу кезінде 3 мыңға жуық ақбөкеннің мүйізі табылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар