Бұл туралы Алматыда президенттің қатысуымен өткен қаланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты.
– Адамдар мен автокөліктердің күн сайынғы миграциясын төмендету мақсатында қала сыртындағы қоғамдық көліктікті дамыту қажеттілігі тууда. Қажетті шаралар біздің тараптан жасалып жатыр. "Алматы – Ұзынағаш" бағытындағы поезд рейстері арттырылды. Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытын іске қосамыз, – деді Сағынтаев.
Қала әкімі Алматыға ағылатын еңбек мигранттарының басым көпшілігі Талғар мен Қаскелең қалаларынан келетінін айтып, мемлекет басшысынан осы бағыттар бойынша электр пойыздарын жүргізу мәселесін қарастыруды сұрады.
– Электр пойыздарына арналған темір жол құрылысының ҚТЖ-мен бірлескен нобайы әзір. Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорынан әкімшілікпен бірлесіп осы әлеуметтік маңызы бар жобаны жасап, кезең кезеңмен жүзеге асыруды сұраймыз, – деді Алматы әкімі.
Пікір қалдыру