Әлеуметтік желіде тараған қылмыстық істі тоқтату туралы құжаттың түпнұсқа екенін Бағдат Мәнізоровтың адвокаты Алмас Демесінов растады. Аталмыш қылмыстық іске байланысты бас прокуратураның тиісті шешімі шыққан, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш үкіметтің электронды кабинеті арқылы жіберілген болатын. Мен ол құжаттың желіде қалай пайда болғанын білмеймін. Бірақ бұл – тұпнұсқа. Біз ресми жауап алдық", - деді адвокат.
Еске салсақ, қыркүйектің соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың қылмыстық іске байланысты ұсталғаны белгілі болды. Ал шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.
Пікір қалдыру