Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:
1.Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
2. Атырау мұнай газ университеті;
3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университет;
4. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті;
5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
– Сауалнаманың нәтижесінде, студенттер оқу орындарындағы жемқорлықты тудыратын себептер ретінде мыналарды атады: профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысының төмендігі, студенттерде өз бетінше білім алуға деген қызығушылықтың болмауы, мұғалімдердің де, студенттердің де жүктемесінің көптігі, жатақханаларда орындардың болмауы, – деді Дәулет Кәрібек.
Қоғамдық кеңес мүшелері жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру студенттер мен оқытушылардың белсенді қатысуынсыз жүзеге аспайтынын атап өтті. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты жүргізілуіне мемлекет қана емес, әрбір азамат, қоғам, сонымен қатар жастар да жауапты. Шынында да, көптеген салада, соның ішінде білім беру мен еңбек нарығының бағыттарын белгілейтін осы жас буын.
Өз кезегінде Қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев Білім және ғылым министрлігіне, жоғары оқу орындарының ректорларына университеттердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдап, жан-жақты әлеуметтік зерттеулер жасап, сол зерттеулер негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жоғары оқу орындарының қоғамдық рейтингін енгізу қажет екенін айтты.
Пікір қалдыру