Геннадий Головкин IBF титулын қорғайды

/image/2019/11/01/crop-87_3_458x611_201017_de0b7f7b03fc048761894d59b0ac0874.jpg

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген. Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.

Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадий мен шықпайтынын мәлімдеді. Дейтұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар