Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

/image/2019/11/02/crop-12_2_581x774_54535938df7f84374.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия, Болгария мен Қытай елшілерін тағайындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды".

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар