Канело Ковалевты нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанды (видео)

/image/2019/11/03/crop-33_4_290x516_image.jpg

Бүгін, 3 қарашада Лас-Вегастағы "MGM Grand" кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалев жеңіп, жартылай ауыр салмақта (79,4 кг) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. 

Қос боксшының арасындағы чемпиондық жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, бірақ жекпе-жектің 11 раундтында Канело (мексикалық боксшының лақап аты) Ковалевті нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл - 29 жастағы мексикалық боксшының жартылай ауыр салмақта (79,4 кг) жұдырықтасқан алғашқы жекпе-жегі. Ол бұған дейін бес салмақта жұдырықтасып, оның төртеуінде әлем чемпионы атанған. Кәсіпқой боксты 15 жасында бастаған Альварес карьерасында 56 жекпе-жек өткізіп, 53 рет жеңіске жетіп, бір рет қарсыласынан есе жіберіп, екі кездесуде тең нәтижеге қол жеткізген. Ол 2017 жылы қазақстандық боксшы Генадий Головкинмен тең түсіп, 2018 жылдың қыркүйегінде Головкинді жеңіп кетті. Қазір Альварес кәсіпқой боксшылардың рейтингін жасайтын boxrec.com сайтының тізімінде 1636 ұпаймен көш басында тұр (кәсіпқой бокстағы барлық салмақ боксшыларының нәтижесін есепке алғанда). 

Альвареске есе жіберген Ковалев кәсіпқой бокстағы төртінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін 39 жекпе-жек өткізген ол 2016, 2017 жылы америкалық боксшы Андре Уордқа екі рет есе жіберсе, 2018 жылы Ковалевты Элейдер Альварес (Колумбия) ұтқан болатын. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар