Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды

/image/2019/11/11/crop-139_7_717x956_whatsapp-image-2019-11-11-at-16.24.13.jpeg

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды. Арнаны елімізге белгілі заңгер Абзал Құспан таныстырды. Алғашқы видеода жоба идеясы қайдан шықты, оның қызметі нендей болады, азаматтар қалай жүгінеді деген сұрақтарға жауап берілген.

– Биылғы тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның жетекшілік етуімен ҚР Жоғарғы сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқа да ведомстволардың қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясы құрылған болатын. Бұл қоғамдық комиссияға азаматтар республиканың түкпір-түкпірінен өз арыз-шағымын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысында олардың проблемалары аталған тұлғалар мен облыс әкімдері, өңір басшыларының селекторлық кеңесі арқылы шешіліп отырады, – деді заңгер комиссияның YouTube арнасында.

Абзал Құспан заңдық-құқықтық түйіткілдер нақты осы жерде, осы сәтте шешілуі тиіс өзекті мәселе болғандықтан қоғамдық комиссияға кіру туралы президент әкімшілігінен түскен ұсынысты қабыл алған.

– Комиссия құрамына Президент Әкімшілігінің арнайы шақыруымен ҚР Адвокаттар қауымдастығы атынан қатысып отырмын. Жиын барысында әр азаматтың мәселесі жеке талданып, талқыланып, проблемалардың мейілінше оң шешілуіне жағдай бар. Әр азаматтың жағдайы әртүрлі болғанымен мәселелері ортақ. Оны шешу жолдары ортақ. Өзімнің заңгерлік көмегімді беріп отыру керек деп шештім. Аида Ғалымқызының басшылығымен болатын осы комиссия ешкімді алаламай, бөліп-жармай, әр азаматтың мұң-зарын тыңдап, мәселелерді шешеді, – деді ол.

Мазалаған сауалы, заңдық-құқықтық бағыттағы мазалаған сұрағын әр азамат YouTube-арнада шықан видео астына пікір қалдыру арқылы жеткізе алады. Сондай-ақ мұң-мұқтаждықты заңгердің WhatsApp нөміріне – 8747 515 79 42 жолдауға болады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар