12 жылдық оқу жүйесіне өтуде асығыстық жоқ

/image/2019/11/12/crop-66_5_262x350_4597d6124e6187aa5c98c14618656725_resize_w_520_h_.jpg
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, ведомствоның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдады және аталған мәселе бойынша заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент министрлікке 12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде, асықпай көшу керектігі жөнінде тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар