Назарбаев неге алаңдаулы?

/image/2019/11/12/crop-109_4_633x844_inx960x640.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Astana club" саяси форумының пленарлық мәжілісін ашты, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев аталмыш форумда әлемдік экономикалық жағдайға қатты алаңдаулы екенін айтты. 

– Бізді әлемдік экономикадағы жағдай алаңдатып отыр. Одан төніп тұрған дағдарыстың белгілері барынша байқалуда. Сауда саласындағы қайшылықтар мен гесосаяси тұрақсыздық күшейіп жатқан кезде жаһандық институттар да тиісті болжамдарын да жасап қойды.. Жаһандық өсімнің баяулап кетуі әлемдік сауда-саттықтың дамуына кері әсерін тигізуде. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыстың алдындағы көрсеткіштен екі есеге асып, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 80 процентіне жетті, – деді Назарбаев.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар