Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешу жолын мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей мен Украинаның қазіргі жағдайына байланысты өкінішін білдірді.
"Негізі, бұл жақын елдер ғой. Бірақ "болар іс болды, бояуы сіңді" дейді. Осы мәселеге сыртқы күштер де, ішкі күштер де араласты. Бүгінде Ресей мен Украинаның арасы қатты ашылып кетті. Мен өзім Украинаны жақсы білемін, Ресейді одан да жақсы білемін", – деп "Astana club-тың" пленарлық мәжілісінде мәжілісінде ол мәлім етті.
Сондай-ақ Елбасы Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, күні кеше ғана Владимир Путинмен сөйлескенін атап өтті.
"Осы проблеманы шешу жолдарын талқыладық. Иә, бүгінде екі елдің арасы ашылып кетті. Меніңше, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажет. Мен сондай "тет-а-тет" кездесуін өткізуді талқыладым. Зеленский өз келісімін берді. Оны Путинге айттым. Енді, көреміз, бейтарап аймақ керек болса, ол кездесуді Қазақстанда өткізуге болады", – деп мәлімдеді Назарбаев.
Тұңғыш Президенттің айтуынша, Зеленскийдің қатысуымен Украина мәселесін шешуге болады. Себебі, осы елдің жаңа президентін халықтың басым бөлігі қолдап отыр. Раданың құрамында да қолдаушылары көп. Сондықтанда Ресей мен Украина арасындағы жаңа келісімдерді сәтті іске асыруға болады.
Пікір қалдыру