Тоқаев "CNP" басшына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүктеді

/image/2019/11/14/crop-8_-2_1762x5018_toqaev-qytay-dgumysshylary.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "CNPC" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Ақордаға  сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айта келіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне "CNPC" компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

"CNPC" компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады", – деді Тоқаев.

Президент "CNPC" басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.

Ал Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар