Көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, 50 адам эвакуацияланды

/image/2019/11/15/crop-3_5_458x887_dgarylys.jpg

Мәскеудің батысында көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласты – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Удальцов көшесі, 16 үйде жарылыс болып, соның салдарынан пәтерлер арасындағы қоршаулар қираған. 17 адам құтқарылды", – деді агенттігінің дереккөзі.

Оның айтуынша, үйден 50 адам эвакуацияланды.

Жарылыстан кейін өрт шыққан. Жедел қызметтегі дереккөз де екі адамның зардап шеккенін хабарлады.

Мәскеу ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 қабаттарда балконнан өрт шыққан.

"Өрт ауыздықталды, жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған", – деп хабарлады ведомстводан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар