Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасы қаланың орталық көшелерінде QR код арқылы есірткі жарнамаланған баннерлер туралы түсінік берді.
– Бізге жіберілген жарнаманың алғашқы эскизінде QR код арқылы кіретін сайтта мұндай жарнама болмаған. Кейін өтініш берушілер сайттағы жарнаманы өзгертіп жіберген. Аталған факті бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілді, баннер жойылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады басқармадағылар.
Сонымен қатар, әкімдік көпшілікті тыйым салынған заттарды пайдаланбауға шақырды.
Пікір қалдыру