Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, 23 қараша күні "102" пультіне Әуежай шағын ауданындағы контейнерлердің бірінде жаңа туған нәрестенің өлі күйде табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына мүдделі қызметтер мен полиция департаментінің басшылығы шықты. Бала өлі табылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге барып, сауалнама алады, куәгерлер іздестіріледі", – дейді полиция департменті.
Шақалақтың өлім себебі мен уақыты тағайындалған сот-медициналық сараптама кезінде анықталатын болады.
Қазіргі таңды іздестіру жұмыстарына кинологтар да тартылды. Бұл қылмыстық іс полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.
Пікір қалдыру