Елімізде жол апаты салдарынан 39 адам қаза болып, 289 адам жарақат алғаны ішкі істер министрлігінің алаңдаушылығын тудырып отыр, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Апаттың негізгі себебі – жол ережелерінің сақталмауы. Қайғылы оқиғаға көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу әкеп соққан,– деп ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды
Ауа-райының нашарлауына байланысты ішкі істер министрлігі тұрғындарға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау керектігін ескертеді.
Ең бірінші қыстың басталуына орай, қысқы немесе тікенекті шиналар орнату. Одан кейін автомобильді жылыту және әйнектердің жылу үрлеу жүйесін тексеру.
Сондай-ақ суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру.
Одан өзге дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.
Ең бастысы, қысқы жолда автомобильдің тежегіш қашықтығы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет.
Егерде кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақытында төмендетіп, көлікті тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс.
Министрлік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қауіпті маневр жасауға және шұғыл тежеуге болмайды. Осы себептен көктайғақта жүргізуші рөлге ие бола алмай қалуы мүмкін дейді.
Пікір қалдыру