Партиялық қайта жаңғырудың маңызды мәселелері

/image/2019/11/28/crop-23_6_426x568_28-11-19-nurotan.jpg

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы партия активінің отырысында партия көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияны қайта жаңғырту мәселелері қаралды.

Алматы әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Елбасының 25 қарашада Nur Otan партиясы өңірлік филиалдары өкілдерімен кездесу өткізгенін еске салды. Партияық қайта жаңғырудың маңызды мәселелері, оның ішінде пәрменді электоратты құру, праймериз жүргізу, партиялық жобаларды жүзеге асыру, мәслихаттардың рөлін және депутаттық фракциялардың жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды әрі талқыланды.

«Партияның қалалық филиалы қайта жаңғырту, халықты толғандыратын актуальды мәселелерді қарау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдары мен Jas Otan жастар қанаты белсенділік танытуда, Елбасымен болған кеңесте жергілікті жердегі халық жиі келетін сегіз аудандағы біз құрған консультативті орталықтардың жұмыстары атап өтілді», – деді Б. Сағынтаев.

Партиялық жаңғырту аясында жүріп жатқан жұмыстар жөнінде Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров толығынан айтып берді. Бұлардан өзге, қалалық мәслихаттың, депутаттық фракциялардың, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.

Активтің жұмысына Nur Otan партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің және депутаттық фракциялардың мүшелері, партияның аудандық филиалдары мен бастауыш ұйымдарының басшылары, партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің және партияның қалалық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері қатысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар