Оралда ер адам өз әйелін тұтқынға алды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәлімдеуінше, бүгін сағат 13:10-да 102 нөміріне ер адамның нотариус кеңсесінде есікті жауып, әйелін ұстап отырғаны туралы хабар түскен. Ер адамның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас зат болған.
Оқиға орнына барлық жедел қызметтер дер кезінде жетті.
Қылмысқа байланысты бесқабатты тұрғын үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланып, үйдің аумағы қоршауға алынды.
Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуге тырысып бағуда.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев жүр.
Қазіргі таңда ер адамның кім екені анықталды. Полицияның дерегіне сүйенсек, ерлі-зайыптылардың ажырасып жатқаны белгілі болды.
Пікір қалдыру