Ирак түрмесінен 14 бала елге қайтарылды

/image/2019/11/28/crop-2_2_397x587_14-bala.jpg

Ирак түрмесінен 14 қазақстандық бала елге қайтарылды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Қазіргі таңда олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр.

Гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырды.

Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышады.

"Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз", – деп  сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар