Синоптиктер қауіпті құбылыс болатынын ескертті

/image/2019/11/29/crop-13_7_1186x1977_aua-rayy-qauipti.jpeg

Синоптиктердің болжамынша,  30 қараша – 2 желтоқсан күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, қалған аймақтарда тұман түседі, –  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Ауа райының қауіпті құбылыстарына тоқталсақ, бұрынғыдай түнгі және таңғы уақытта жолдың көріну мүмкіндігі 50...500 метрге дейін нашарлайды, тұман түседі", – деп синоптиктер ескертті.

Сондай-ақ батыста және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ күтіледі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар