Тауар бағасы жалақыдан жылдам өсіп келеді

/image/2019/11/30/crop-3_1_295x394_jgfndggz.jpg

Қазақстанда соңғы 4 жылда тауар бағасы, жалақыға қарағанда 3-4 есеге өскен. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, Qamshy.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттарымен кездескен Тимур Құлыбаевтың сөзінше, төрт жылда азық-түлік тауарларының бағасы 37 пайызға, өзге тауарлардың бағасы 42 пайызға қымбаттаған. Ал тұрғындардың шынайы табысы 11 пайызға өсіпті.

– Тұрғындар бірінші қажеттіліктегі заттарды алуға қаражаттары болмағандықтан, мәселені тұтынушылық несиелер арқылы шешуге мәжбүр. Азаматтардың несиеге жүгіну көрсеткіші 22 пайызға артып, 6,2 трлн теңгеге дейін жетті. Бұл – үлкен тәуекелді үрдіс. Несиелердің жартысынан көбі кепілзатсыз берілген, – деді Т.Құлыбаев.

Түйіткіл түйінін тарқату үшін бюджеттік салада еңбек ететін 1,6 млн адамдың жалақысына түбегейлі өсім керек. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақы қоры 2,2 трлн теңге екенін ескерсек, түбегейлі өсгеріс енгізу үшін алдағы үш жылда тағы 2,9 трлн теңге қажет. Яғни жыл сайын 1 трлн теңгеге жуық қаржы жұмсалуы керек.

Алайда тұрғындар табысының өсімін бюджеттік шығындар арқылы ғана шешу мүмкін емес. Еңбекке жарамды халықтың 80 пайызы мемлекеттік емес секторда жұмыс істейтінін ескерсек, нақты салаларды дамыту қажеттілігі туындайды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар