Аталған сөзді ҚДП бастамашысы «Демократиялы Қазақстан» You Tube каналында мәлімдеді деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агентігі.
«Бұл күні президенттен бастап қарапайым мемлекеттік қызметкерге дейін өздерінің қалаларындағы алаңға барып, Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алуы тиіс деп ойлаймын», – дейді Жанболат Мамай.
Айта кетейік, 14 желтоқсан Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партиясы ұйымдастыру комитетінің бастамасымен белсенділер Алматыда Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын еске алған болатын. Сәтбаев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы «Астана» қонақ үйінде өткен жиынға саясаткерлер мен Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев бастаған зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар елдің әр аймағынан келген белсенділер қатысты.
BVFY
ДІНМҰХАМБЕТ 2019-12-16 13:41:26 --------------------------------------------------------------- Тәуелсіздік күндерін - 16-17- ші Желтоқсан күндерінен ауыстыру қажет. Бұл аса ауыр күндерді ЕЛ тәуелсіздігі деуге болмайды. Халық алғаш жариялағаннан қарсы болған. Жетер енді... ХАЛЫҚ талабын орындамау... кешегі НАЗАРБАЙЕВ жүйесінің арамзалық шешімі еді