Бұған дейін Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаевтың президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Оның өмірбаянында орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгергені жазылған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған. Әр жылдары Мәскеу қаласындағы "Гили-Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор, Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары, "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор, "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, БҚО әкімінің бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан облысының, Атырау облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Пікір қалдыру