Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургтегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Пікір алмасу барысында Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ЕАЭО құру мен нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
– Мен осы қауымдастықты құруға бастамашы болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасына ризашылығымды білдіргім келеді. ЕАЭО жақсы жұмыс атқарып келеді. Біз Сізді Санкт-Петербургте жаңа мәртебеде қарсы алғанымызға қуаныштымыз, - деді Ресей президенті.
Пікір қалдыру