Тоқаев тағы да бірқатар кадрларды өзгертті

/image/2019/10/16/crop-4_2_262x466_crop-10_3_271x482_crop-5_5_715x1277_toqaev-ozgeris.jpg

Бүгін, 21 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен ауыстыруға өкім етті. Оның жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Президенттің өкімімен Роман Василенко Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен, Нұрлан Сейтімов Қазақстан сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Ақорда сыртқы істер министрлігінің қос қызметкерінің қызметінен босатылуын басқа жұмысқа аусуына байланысты деп хабарлады. 

Кейін Ақорда Тоқаевтың Роман Василенконы Қазақстанның Словакиядағы елшісі қызметіне, Нұрлан Сейтімовты Қазақстанның Эстониядағы елшісі қызметіне тағайындағаны туралы жарлығын жариялады. 

Бұған қоса, Тоқаев елдің Сингапурдағы елшісі Аркен Арыстановқа Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін, елдің Вьетнамдағы елшісі Ерлан Байжановқа Қазақстанның Камбоджадағы, Лаостағы  төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруды жүктеді. 

18 желтоқсанда да президент Тоқаев билікте бірқатар кадрлық өзгеріс жасаған еді. Ол кезде Тоқаевтың жарлығымен Қанат Бозымбаев энергетика министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі болып тағайындалды. Президент Бозымабаевтың орнына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты тағайындап, Атырау облысына әкім етіп бұған дейін энергетика министрінің орынбасары қызметін атқарып келген 59 жастағы Махамбет Досмұхамбетовты жіберді. Ал шілде айынан бері президент көмекшісі міндетін атқарған Мәулен Әшімбаев Дархан Кәлетаевтың орнына президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Кәлетаевтың қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, Мәдина Әбілқасымова ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босап, жаңадан құрылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. Ол наурыз айынан бері ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. Бұған қоса, Тоқаев 2017 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі елшілігін басқарып келе жатқан Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатты. 


Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар