МӘМС. Біліп жүргеніңіз жөн

/image/2019/12/27/crop-119_13_1621x2161_istock_000078180687_double-—-kopiya.jpg

«Бірінші кезеңдегі  медициналық оңалту шаралары» бизнес-процесі

Пациентті госпитализациялау бастапқы медициналық санитарлық көмек мамандарының жолдамасы немесе басқа да медициналық ұйымның госпитализациялау бюросы ақпараттық жүйесінің күту парағына тіркеу арқылы жоспарлы түрде жүргізіледі. Кейін жоспарлы госпитализациялау талоны беріледі.

Стационарда жұмыс істейтін маман госпитализацияға жіберілген пациенттердің тізімін күнде қарап, бейіні бойынша бос орындар туралы мәлімет дайындайды. Осылайша 9.30-ға дейін госпитализациялау бюросы ақпараттық жүйесінің тіркеу парағы порталындағы бос орындарға енгізеді. Қабылдау бөлімінде пациенттерді қабылдау мен тіркеу ұйымның бекітілген кестесі бойынша жұмыс уақытында көмекке жүгінген уақыттан 60 минут ішінде жүргізіледі.

Дәрігердің тағайындау парағы мен медициналық карта госпитализациялау бюросы ақпараттық жүйесіндегі №907 бұйрыққа сәйкес 003/у формасы бойынша рәсімделеді. 1111

Қажет болған жағдайда қабылдау бөлімінде консилиум ұйымдастырылады (диагнозды қойып, емдеу тактикасын анықтау мақсатында кемінде үш жоғары біліктілігі бар бір сала мамандары немесе басқа маман пациентке қосымша тексерулер жүргізеді). Толық тексеруден кейін медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда пациент бейінді бөлімге жатқызылады.

Емделуші мен денсаулық сақтау ұйымы арасында №418 бұйрыққа сәйкес медициналық көмек көрсету бойынша типтік келісім-шарт жасалады. Медициналық қызмет пациенттен немесе оның заңды өкілінен емдеу диагностикалық шараларын жүргізуге ерікті түрде келісім берілген соң көрсетіледі.

Пациент ауруханаға түскен күні дәрігер оны тексеріп, қажет ем-домдарды жазып береді және ол туралы емделушіні хабардар етеді. Сондай-ақ, оны демалыс және мереке күндерінен басқа кезде күн сайын тексеріп тұрады. Клиникалық диагноз госпитализацияланған күннен бастап 3 күнтізбелік күннен кешікпей бөлім басшылығымен бірге қойылады. Егер кезекші дәрігер пациентті қарап немесе қосымша диагностикалық және емдеу шараларын жүргізсе, медициналық картаға міндетті түрде жазба қалдырады. Пациенттің жағдайы күрт нашарлаған жағдайда кезекші дәрігер бөлім басшысына/емдеуші дәрігерге айтады. Осылайша диагностика және емдеу процесіне енгізілген өзгертулер бойынша өзі тағайындаған ем бойынша келісім алып, стационарлық науқастың электрондық тіркелімі ақпараттық жүйесіндегі медициналық картаға жазба енгізеді.

Стационардан емделіп шыққан пациентке 027/у және 107/у формасы бойынша оңалту картасы беріледі. Ол жерде клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеулер көлемі мен емдеу шаралары, ары қарайғы бақылау мен емделу туралы ұсынымдар жазылады (амбулаторлық поликлиникалық көмек, бастапқы медициналық санитарлық көмек бойынша күндізгі стационарда медициналық көмек көрсету, тәулік бойғы стационарда күндізгі көмек көрсету немесе қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі (екінші кезең). Бұл жазбалар  стационарлық науқастың электрондық тіркелімі ақпараттық жүйесіне және госпитализациялау бюросына ауруханадан шыққан нақты уақытымен дәл сол күні енгізіледі.

«Екінші кезеңдегі медициналық оңалту» бизнес процесі

Екінші кезеңдегі қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту стационардағы науқастың электрондық тіркелімі ақпараттық жүйесінде жаңадан тікереледі. Емделуші мен денсаулық сақтау ұйымы арасында №418 бұйрыққа сәйкес медициналық көмек көрсету бойынша типтік келісім-шарт жасалады. Медициналық қызмет пациенттен немесе оның заңды өкілінен емдеу диагностикалық шараларын жүргізуге ерікті түрде келісім берілген соң көрсетіледі. Медициналық оңалту нозологияға, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне және жұмыс істеудің халықаралық жіктелуі негізінде биоәлеуметтік функциялардың бұзылуына байланысты балмен қалпына келтіру дәрежесімен оңалту маршруттау шкаласы бойынша мультитәртіптік топ мамандарының қатысуымен жүзеге асырылады (стационар жағдайында 2-4 балл). 11111

Пациент ауруханаға түскен күні дәрігер оны тексеріп, қажет ем-домдарды жазып береді және ол туралы емделушіні хабардар етеді. Сондай-ақ, оны демалыс және мереке күндерінен басқа кезде күн сайын тексеріп тұрады. Медициналық карта (027/у) мен оңалту картасына (107/у формасы) емдеу бойынша жазбалар енгізіледі. Пациенттің жағдайы күрт нашарлаған жағдайда кезекші дәрігер бөлім басшысына/емдеуші дәрігеріне айтады. Осылайша диагностика және емдеу процесіне енгізілген өзгертулер бойынша өзі тағайындаған ем бойынша келісім алып, медициналық және оңалту карталарына жазба енгізеді.

Стационардан емделіп шыққан пацентке 027/у және 107/у формасы бойынша оңалту картасы беріледі. Ол жерде клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеулер көлемі мен емдеу шаралары, ары қарайғы бақылау мен емделу көрсетіледі (АПК деңгейінде қалпына келтіру және медициналық оңалту шараларын көрсету (3 кезең), сондай-ақ паллиативті көмек пен медбике күтімі).

Егер үшінші кезеңдегі қалпына келтіру және медициналық оңалту қажет болмаса, медициналық көмек көрсету аяқталады.

Бұл жазбалар стационарлық науқастың электрондық тіркелімі ақпараттық жүйесіне және госпитализациялау бюросына ауруханадан шыққан нақты уақытымен дәл сол күні енгізіледі.

«Үшінші кезеңдегі медициналық оңалту» бизнес процесі

Өз еркімен қозғала алатын пациенттерді медициналық оңалту (немесе қосымша құрылғының көмегімен), сондай-ақ қарқынды емдеуді қажет етпейтін болса, ем-дом тәулік бойғы немесе күндізгі стационарда жүргізіледі.

Медициналық оңалту курсы аяқталған соң үйлестіруші дәрігер қолхат арқылы пациенттің қолына №907 бұйрығымен бекітілген және оңалту шаралары көрсетілген медициналық картаның 027/у формасы бойынша көшірмесін береді. Сондай-ақ «Госпитализациялау бюросы» ақпараттық жүйесінде электронды форматта 027/у формасы жасалады.

Амбулаторлық кезеңде бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін жалпы практика дәрігері (учаскелік дәрігер/терапевт) бейінді мамандар және мультитәртіптік команда мамандармен бірлесе отырып медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді, медициналық оңалтуды жүргізу үшін ұйымдастыру кезеңін анықтайды және жеке оңалту бағдарламасының бөлігін қалыптастырады. Медициналық оңалту бойынша көрсетілген қызметтер медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Мультитәртіптік команданы (МТК) үйлестіруші дәрігер басқарады. Ол медициналық реабилитология сұрақтары бойынша оқытудан өткен МТК қызметінің жетекші дәрігері және үйлестірушісі. МТК құрамында:

  • үйлестіруші дәрігер
  • реабилитолог дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектер, балалар) бойынша жоғары медициналық білімі бар);
  • психология саласындағы маман («психиатрия» (наркология, медициналық психология) мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар немесе медициналық емес (педагогикалық) «психология» мамандығы бойынша жоғары білімі бар);
  • емдік мәдениет бойынша жаттықтырушы маман (медициналық, медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
  • емдік мәдениет бойынша нұсқаушы маман, емдік дене шынықтыру кабинетінің медбикесі (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
  • еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы маман (медициналық емес (педагогикалық) жоғары білім);
  • еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы маман (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білім);
  • физиотерапиялық кабинеттің медбикесі; күтім бойынша медбике; әлеуметтік жұмыскер.

Үйлестіруші дәрігер пациентті МТК мамандарынан құралған бейінді мамандар консультациясына жібереді. Олар бағалау тестін өткізіп, МТК қорытындысын шығарады. Мұнда қызмет көрсететіндер:

  • «дәстүрлі терапия» бейіні бойынша жоғары медициналық білімі бар маман (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия және т.б.)
  • «функционалды диагностика» бейіні бойынша жоғары білімі бар маман;
  • «оториноларингалогия (сурдология) (ересек, балалар)», «офтальмология (ересек, балалар)», «терапия (диетология)», "психиатрия (наркология, медициналық психология) (ересек, балалар)" бейіні бойынша жоғары білімі бар маман;
  • массаж кабинетінің медбикесі;
  • логопед, дефектолог мұғалім, сурдолог мұғалім, тифлопедагог, тәрбиеші, балаларды оқытатын мұғалім (педагог), әлеуметтік педагог, музыка мұғалімі;
  • Жоғары немесе орта медициналық немесе медициналық емес білімі бар ортезист маман;

Ары қарай емделуші реабилитолог дәрігердің консультациясына барады, кейін орта медициналық қызметкер медициналық оңалту қызмет алу кестесін жасайды. Пациент медициналық оңалтуды журналда белгі қою бойынша кестеге сәйкес реабилитолог дәрігердің бақылауы бойынша алады.

Медициналық оңалту курсынан кейін дәрігер реабилитолог пациентті қайта қабылдау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар