Ортақ әңгіме барысында мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өткен. Сондай-ақ,қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.
«Жақындай түсу» демекші, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Бұдан соң мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар, президенттер бірін-бірі жаңа жылмен құттықтаған.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Осы барыста ол Александр Лукашенкомен Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасса, Шавкат Мирзиёевпен әңгіме барысында Өзбекстандағы Қазақстан жылының табысты өткеніне ерекше мән берген.
Пікір қалдыру