Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

/image/2020/01/05/crop-46_4_283x377_photo_304214.jpeg

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Талғар облысы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Сарытауқым совхозында есепші болып жұмыс істеген. Еңбек ері, «Күміс алқа» медалінің иегері, ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері.

"Марқұммен қоштасу рәсімі 6 қаңтарда өтеді. Жерлеу рәсімі сейсенбі, 7 қаңтарда, Алматы облысы, Қырғауылды ауылында, Сарыптау 1А мекен-жайында өтеді", деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар