Иран АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасауына байланысты Трамп әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың айтуынша, бәрі жақсы өтіп жатыр. Ол қазір шабуыл салдарынан зардап шеккендер мен шығындар туралы ақпарат анықталып жатқандығын айтты.
"Қазіргі таңда әлемдегі ең қуатты және жақсы қаруланған әскерилер біздің елімізде тұрады! Ертең таңертең мәлімдеме жасаймын", - деп жазды Трамп өзінің twitter парақшасына.
All is well! Missiles launched from Iran at two military bases located in Iraq. Assessment of casualties & damages taking place now. So far, so good! We have the most powerful and well equipped military anywhere in the world, by far! I will be making a statement tomorrow morning.
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) January 8, 2020
Еске салсақ, 8 қаңтарға қараған түні Иран Ислам Революциялық Сақшылар корпусы (IRGC) АҚШ әскери күштері орналасқан Ирактағы бірнеше полигонға оннан астам зымыранмен шабуыл жасады. Сондай-ақ Иранның бұл шабуылы америкалықтардың Касем Сулейманді өлтіргеніне қайтарға жауабы болған. Аталмыш операция "Марқұм Сулеймани" деп аталды.
Пікір қалдыру