Демократия бастамашылары құрылтай съезд өтетін күнді белгіледі

/image/2020/01/08/crop-11_209_697x929_62472153_2409394909103350_5344591731876691968_o.jpg

Бұл туралы Демократиялық партия құруға ынталы бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Құрметті ағайын!

26 желтоқсан күні ҚР Әділет министрлігі Демократиялық партияны құру бойынша бастамашыл топтың тізімін растады.

"Саяси партиялар туралы" заңына сәйкес, бұл тізім расталған күннен екі айдың ішінде ұйымдастыру комитеті партияның құрылтай съезін өткізуі тиіс.

Осыған орай, Демократиялық партияны ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 22 ақпанында, сағат 11:00-де, Алматы қаласы, "Almaty Hall" мейрамханасында (Абылай хан көшесі 125, Жамбыл көшесінің қиылысында) партияның құрылтай съезін (конференция) өткізетінін хабарлайды.

Бұл жиынға Демократиялық партияны қолдаушы бастамашыл топ өкілдерін, қоғам белсенділерін, журналистерді және Қазақстанның патриот азаматтарын шақырамыз!

Демократиялық партияның құрылтай съезіне қатысамын деген азаматтардың қосымша сұрақтары болса, мына телефонға хабарласуға болады: +7 747 644 2979

Алматыдағы ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: 8-ықшамаудан, үй 4а, 405 кабинет" делінген қоғам белсендісінің жазбасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар