USD 527
EUR 551
RUB 5
Алматыда саяси тұтқындарды босатуды, белсенділерді саяси көзқарасы үшін қудаламауды талап еткен 4 азаматтық белсенді 15 тәулікке қамалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vlast.kz сайтына сілтеме жасап.
Белсенділердің қорғаушысы Жанар Балғабаеваның айтуынша, Руслан Иминахунов, Дархан Уәлиев, Асхат Жексебаев және Еркін Сабаншиев ұсталып, Ермек Қозиевке 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Сондай-ақ белсенділер Дәметкен Аспандияров пен Сағидолла Ақаевке де айыппұл салынған.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар әлденеше рет Қазақстан билігін азаматтарды бейбіт наразылық акциялары үшін ұстамауға шақырған.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің таяуда өткен отырысында президент Қ.Тоқаев бейбіт жиындардың рұхсат алу қағидатынан ескерту формасына ауысу қажеттілігі туралы айтқан. Сондай-ақ ол қоғам мен мемлекет жариялы түрде көзқарас білдіруге қалыпты жағдай ретінде қарау керектігін атап өткен.
Пікір қалдыру