"Ердоған менен барлығын тартып алды". Бұрынғы түрік футболшысы АҚШ-та такси жүргізіп жүр

/image/2020/01/15/crop-176_19_467x623_hakas.jpeg
Футболдан Түркия құрамасының бұрынғы ойыншысы, 2002 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Хакан Шүкір Түркия үкіметімен болған келіспеушіліктің кесірінен жұмыссыз қалып, АҚШ астанасы Вашингтонда такси жүргізіп жүр.
 
Eurosport.ru сайтының жазуынша, экс-футболшының банктегі шоттары бұғатталған. Әлем чемпонатындағы ең жылдам голдың авторына қысым оның саяси көзқарасы үшін жасалған.
а
 
Хакан Шүкір бірнеше жыл бұрын президент Эрдоғанның партиясына кірген. Алайда партиядағы жемқорлық пен жұмысты жүргізу тәсілі ұнамағандықтан одан шығып кеткен.
 
Осыдан кейін экс-футболшы отанында қысым көре бастаған. Банктегі шоттары бұғатталған. Билік тарапынан теперіш тоқтамаған соң ол 2015 жылы отбасымен АҚШ-қа көшіп кетуге мәжбүр болған.
 
2016 жылы Хакан Шүкір мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарға қатысы бар деп айыпталды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, әкесі түрмеге қамалды. Алайда әкесі қатерлі ісікке шалдыққандықтан, ұзамай бостандыққа шығарылды.
 
Түркия билігі футболшыға АҚШ-та да тыныштық бермеген. Өзінің сөзінше, пәтерін жалға берейін десе, жалға алушыларға тиісе ме деп қауіптенеді. АҚШ-та ашқан кафесін белгісіз біреулер бүлдіргеннен кейін амалсыз жапқан.
 
"Менің жұмыс істеуімнің себебі – менде ештеңе қалмады. Эрдоған менен бостандығымнан бастап, ой еркіндігін, еңбек ету құқығымды алып қойды. Олар менің әйелімнің дүкеніне тас лақтырды, менің балаларыма көшеде қоқан-лоққы жасалды, мен әрбір жасаған үндеуімнен кейін қорқыту-үркіту әрекеттеріне тап болдым. Мен елден кеткенде олар әкемді тұтқындады. Осы уақытқа дейін жинаған бар дүние-мүлкімді тәркіледі. Бұл менің отбасыма ауыр соқты. Менің айналамдағы барлық адамдар қаржыдан таршылық көріп келеді" - дейді Хакан "Рекорд" басылымына берген сұхбатында.
 
"Босфор бұқасы" лақап атымен танымал экс-футболшы "Галатасарай", "Интер" және "Парма"  клубтарында ойнаған. Түркия құрамасы сапында 100-ден астам ойын өткізген. 2002 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сол жарыстағы үшінші орын үшін болған ойында Корея құрамасының қақпасына 11 секундта гол соғып, чемпионаттағы ең жылдам гол иесі атанған.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар