Тоқаев: Қазақстанға жаңа басқару үлгісі қажет

/image/2020/01/15/crop-27_1_398x531_detail_8f2c45e124914792eca866bc33340252.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жаңа басқару үлгісі қажет екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстанға қоғамның қажеттіліктеріне сай, тиімді және әділетті жаңа басқару үлгісі қажет. Оның үстіне, ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі керек", - деді Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесуде.

"Әр адамның пікірі ескерілуі керек. Ол үшін тиісті саяси тетіктерді әзірлеу қажет. Белгілі бір аймақ тұрғындарының мемлекеттік шығыстарға қатысты пікірлерін ескеру үшін көпшіліктің қатысуымен бюджеттің жобасы жүзеге асырылады. Ашық үкіметтің порталы азаматтарға маңызды шешімдерді талқылауға мүмкіндік беруі керек", - деді президент. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар