Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі ұсталды

/image/2020/01/18/crop-85_0_339x452_59301084_1177408442431990_4872294669624541184_o-610x350.jpg

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы прокуратурасымен бірлесіп, Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын жемқорлық ісі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары құжатқа жалған мәліметтер енгізгені үшін мердігерлік ұйым өкілінен 500 мың теңге параны банктік шотқа аудару арқылы алу деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. "Аудан әкімі мен оның орынбасары Алматы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысы ұсталған жоқ, себебі күдікті кінәсін мойындап, қорғаушысымен бірге шақыртуға келу туралы міндеттеме берді", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар