Қытайдағы 14 дәрігер короновирустың жаңа түрін жұқтырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Уханьда 218 адам, Бейжіңде 5 адам, Шанхайда бір адам, Гуандун провинциясында 14 адам осы вирусты жұқтырған. Осыған қатысты Қытайда шұғыл жиын өтті.
Шетелдік басылымның дерегіне сүйенсек, аталмыш вирус Қытай аумағынан тыс жерде тарап жатыр.
Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирус адамнан адамға жұғатын вирус.
"Гуандун провинциясында екі жағдай тіркелді. Вирус жұқтырғандардың өзі Уханьға бармаған, тек отбасы мүшелері барып қайтқан. Салдарынан олар вирус жұқтырып келіп, отбасының өзге мүшелері ауырып қалған. Сондықтан дәл қазір бұл вирустың жұқпалы екенін айтуға болады", - деді денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжун Наньшань.
Пікір қалдыру