"Олимп" букмекерлік кеңсесі бәс қабылдамайды, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Олимп" сайтында хабарланды.
"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап Olimp.kz қазақстандағы лицензиясынан айырылуына байланысты бәс қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және алдағы уақытта да солай қалғымыз келеді", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.
Пікір қалдыру