Даяшы қалай шенеунік болды? (фото)

/image/2020/01/22/crop-28_4_525x700_134282.jpg

Ерлан Оразбайдың Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалуы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

nhnry

Бұл тағайындау 2019 жылы 26-желтоқсанында болған.  

Көпшілік Ерлан Оразбайдың жоғары лауазымға тағайындалғанына таңғалды. Себебі ол 2002 жылы президентің ісін басқаруға арналған асханада даяшы болып қызмет еткен. Сондай-ақ бұл оның алғашқы қызметі болған.

Оразбай Ерлан Сапарұлы 1979 жылы 13 қарашада Өзбекстанның Ташкент облысында дүниеге келген. 

2011 жылы "Тұран Астана" университетін. 2016 жылы Қазақ технология және  бизнес университетін бітірді. Экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды. 

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-сына қарасты "Салтанат Сарайы" қабылдау үйінде даяшы болып бастайды.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-сының №1 асханасында даяшы;

2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-сына қарасты "Акорда" асханасында даяшы;

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-сының №1 асханасында бас даяшы, Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-сына қарасты  "Қызылжар" резиденциясында бас даяшы;

2013 – 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Қараөткел" РМК директоры; 

2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК директорының орынбасары;

2019 жылы 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар